ҰЙЫМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Колледж атауыАстана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Колледждің заңды және нақты мекен-жайы010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бердібек Соқпақбаев көшесі,19 үй. Телефондар: +7 (717) 291-84-60 Факс: +7 (717) 291-84-60
Колледждің ресми сайтыwww.techcollege.edu.kz   
Электрондық пошта мекенжайыprofteh4@mail.ru
Құрылған жылы1940
Меншік нысаныМемлекеттік
Бас лицензия және оған қосымшалар (№ және берілген күні)2015 жылғы 30 қазандағы № KZ33LAA00006106 08.04.2021ж. №001 қосымша 08.04.2021ж. №002 қосымша 08.04.2021ж. №003 қосымша
АккредитацияИнституционалдық аккредиттеу IA-B № 0139 22.06.2020ж. Мамандандырылған аккредиттеу SA-B 0131/1, SA-B 0131/2 от 22.06.2020г.
Оқыту профилітехникалық және кәсіптік білім беру
Оқыту нысаныМемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде күндізгі оқу нысанында.
Оқыту тілі Қазақша, орысша
Басшының Т.А. Ә. лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі. Қосымша 1.1.Курманкулов Абай Барманкулович
Есепке байланысты ақпаратты алу үшін жауапты тұлғаның Т. А. Ә., байланыс үшін координаттары Абдрахманов Досымбай Кадырович – басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары. Ұялы телефон 8(701) 1362928  dos_kz62@mail.ru Мырзалиева Мөлдір Мырзалиевна — оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі директор орынбасары. Ұялы телефон 8(775)8849575 mulya88@bk.ru

Колледж Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамыр №995-0 қаулысымен бекітілген Жарғы негізінде жұмыс істейді.  Астана қаласының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ берген мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама 27.06.2023 жыл.

Астана қаласы әкімдігінің Техникалық колледжі 1940 жылы тек теміржол саласы үшін кадрлар дайындайтын оқу мекемесінен Ақмола қаласының № 7 фабрикалық-зауыттық оқыту мектебі ретінде құрылып, дамудың үлкен тарихы жолынан өтті. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 1940 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен елімізде Мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі құрылды. Сл тұста, 1940 жылы 21 қазанда Ақмола қаласында № 4 бірінші теміржол училищесі ашылады.

1942 жылы 142 оқушыдан тұратын теміржол училищесінің алғашқы бітірушілері оқуын аяқтады.

1963 жылы еңбек резервтерін кәсіптік-техникалық училищелерге айналдыру туралы Заңға сәйкес № 4 теміржол училищесі орта мектептің 7-сынып базасында қалалық кәсіптік-техникалық училищеге айналады және ГПТУ-83 деп аталады.

1985 жылы оқу орындарының бірыңғай түрін – орта кәсіптік-техникалық училищелерді құрумен ГПТУ-83 СПТУ-8 болып қайта құрылды. 1996 жылы бұрынғы училище базасында № 8 кәсіптік-техникалық мектеп құрылып, 1999 жылы мектеп нөмірі (№ 4) өзгертілді. Сол тұста мекеме ғимаратының бір бөлігі теміржол техникумына бөлінген. 2001 жылы мектеп «Астана қаласының № 4 кәсіптік мектебі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 2008 жылы мектеп лицей мәртебесіне ие болады және «Астана қаласының № 4 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі деген атау беріледі.

Елдің саяси жүйесіндегі, экономикадағы және әлеуметтік саладағы өзгерістер бастауыш кәсіптік білім беру жүйесінде реформалау қажеттілігін туғызды. Негізгі бағыттар – заманауи әлемдік деңгейге сай мамандарды даярлау сапасына қол жеткізу, білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту, қызметтің ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру болып анықталды.

Реформалау жолдарының бірі еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» және «Токарлық іс және металл өңдеу» мамандықтарын ашу болды. Оқу орнының мәртебесін көтеру мақсатында 2012 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылады. Соңғы жылдары оқу процесін жоспарлау және іске асыру жетілдірілді, колледждің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды. Өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша шарттық негізде келісімге қол жеткізу мақсатында кәсіпорындармен әріптестік – әлеуметтік диалог жаңа деңгейге көтерілді. 2014 жылдың қаңтарында колледжге «Теміржол» тұрғын алабында типтік емес жеке ғимарат бөлінеді. 2021 жылы Техникалық колледжге Сарыарқа ауданы 187 көшесі, 19 үй мекенжайы бойынша жаңа типтік ғимарат теңгерімге берілді.

Колледж ретінде оқу орны өзінің білім беру қызметін 2015 жылы бастады. Меншік нысаны мемлекеттік. 2016 жылы колледж мемлекеттік аттестаттаудан, 2020 жылы мемлекеттік аккредиттеуден өтті.

Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК ҚР Конституциясына; ҚР Азаматтық кодексіне; ҚР 2007.07.27 № 319-III ҚРЗ «Білім туралы» Заңына; ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 348 бұйрығы бекітілген ҚР ТжКОБКБ МЖМБС, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы; «Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңы; Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу қағидаларымен және ұйымдарды практика базасы ретінде айқындау қағидаларымен (ҚР БҒМ 2016.01.29 №107 бұйрығы); ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген ТжКОБКБ ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидаларына, ҚР БҒМ м.а. 2007 жылғы 23 қазандағы №502 бұйрығымен бекітілген ТжКБ ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептілік құжаттарының нысандарына, Колледж жарғысына және т. б. және өзге де заңдармен, ҚР жарлықтарына және өкімдеріне; ҚР Үкіметінің қаулылары және өкімдеріне; Білім Министрлігінің және ҚР басқа да министрліктерінің бұйрықтары, өкімдеріне сәйкес 2015 жылғы 30 қазандағы № KZ33LAA00006106 мемлекеттік лицензиясы негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

Колледж ҚР индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы; Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктің 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Тalap» Холдингі» КЕАҚ, Worldskills кәсіптік стандарттарын, жұмыс біліктілігі бойынша кәсіптік стандарттарды енгізу шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырыстар негізінде сұранысқа ие жұмысшы мамандарды даярлауды жүзеге асырады.

Колледжде  түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары көрсеткіштері бар Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледж» машина жасау технологиясы, Энергетика, Лифт шаруашылығы салаларындағы қазіргі заманғы даму үрдістеріне негізделген сапалы бәсекеге қабілетті білім беруді қамтамасыз етеді.

2022-2023 оқу жылындағы жағдай бойынша «Техникалық колледж» МКҚК

білім беру қызметі іске асырылатын біліктіліктер тізбесі.

Мамандық атауыБіліктілік атауы9 сынып базасында11 сынып базасында
107160500 Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету3W07160501Локомотив машинисінің көмекшісі (түрлері бойынша)Мемлекеттік және орыс оқыту тілдері
207130100 Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)3W07130101 Электр монтері (түрлері және салалары бойынша)Мемлекеттік және орыс оқыту тілдері   
307321000 Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)3W07321001 Лифт және эскалатор электр механигіМемлекеттік және орыс оқыту тілдеріМемлекеттік және орыс оқыту тілдері
407150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)3W07150501 Электр газбен дәнекерлеушіМемлекеттік және орыс оқыту тілдері 
507150100 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)3W07150102 Кең бейінді станокшыМемлекеттік және орыс оқыту тілдеріМемлекеттік және орыс оқыту тілдері
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ