Астана қаласы әкімдігінің Техникалық колледжі нысанында «КӘСІПТІК БІЛІМ ЖӘНЕ БИЗНЕС: ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ДИАЛОГЫ» атты қалалық форумы аясында «Энергетика және телекоммуникациялық технологиялар» тақырыбындағы панельдік сессиясы өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының кәсіптік білімін жаңғырту шеңберінде типті басшылардың көшбасшылық әлеуетін жетілдіру және жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті нығайту.
Панельдік сессия отырысына, Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК, «Атамекен» ҚР ҰКП, ТжКБ әлеуметтік серіктестері, «Кәсіптік-техникалық колледж» МКҚК, «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК, «Құрылыс-техникалық колледжі» МКҚК, «Ақмола колледжі» ЖШС, «М. Тынышпаева атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы» АҚ , «URBAN COLLEGE» ЖШС, «Басқару Колледжі» ЖШС, «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС, «Астана-Профи» қалалық шаруашылық колледжі» мекемесі, «Электр энергетиктері қауымдастығы», «ҚР Лифт компаниялары қауымдастығы» және бизнес-қоғамдастықтардың жетекші мамандары қатысты. Панельдік сессияның соңында, лифт компаниялары арасында «Кәсіби мамандар» кәсіби шеберліктің І ашық салалық корпоративтік чемпионатының жеңімпаздарын марапатталды.