2018 жылдың 18-қыркүйек күні колледжімізде Ойы терең,түрі көркем,Абайша ойласақ, «Іші алтын,сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген ақын өмірі мен өлеңдері кейінгі ұрпаққа үлгі екенін көрсете білген бүгінгі поэзия кеші көптің көңілінен шықты. Абай мен орыс ақыны А.С. Пушкинмен достығы ақын шығармаларынан көрініс тапқаны қандай жарасымды. Білім алушылардың дайындығы керемет! Дайындаған ұстаздың Майталман екендігі сезіліп те, көрініп те тұр! Біздің білім ордамызда осындай өнеге тұтатын Ұстаздар барын мақтан тұтамын. Ботагоз Фазыловна білім алушылар мен біз ұстаздар қауымына ақын жүрегінің түбіне терең бойлата білді.