Химия пәнінен ашық сабақ.

2022 жылы 26 сәуір күні ЭЖҚ-102 тобында химия пәнінің оқытушысы Айнаддинова Тамара Нураддинқызы «Нанотехнология» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технологиялармен қатар ең озық әдіс-тәсілдер қолданылды. Оқытушы «Допты қағып ал» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтай отырып, жаңа сабаққа кіріспе жасады. Білімгерлер сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқытушы оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырды.
Оқытушы жаңа тақырыптың мәнін ашу мақсатында білім алушыларға видео, презентациялар көрсетті. «Қателескен мұғалім» әдісі арқылы білімгерлер жеке жұмыс жасады. Келесі «Домино» әдісі арқылы білімгерлер жұптық және топтық жұмыстар жасады. Барлық білімгер сабаққа белсене ат салысып, өз білімдерін шыңдай түсті. «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқытушы сабақты қорытындылау мақсатында білім алушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдады. Білімгерлер өздерін бағалау мақсатында «Жетістік баспалдағы» әдісін қолданды.

https://cloud.mail.ru/public/zoqD/5haAf3oJP

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ