«Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысы
Ағымдағы жылы” Қазақ поэзиясының Құлагері” атанған, жан- жақты талант иесі, эпик ақын, драматург, прозаик, фельетоншы, сатирик, журналист, аудармашы және қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына — 130 жыл толып отыр, осы орайда 21 ақпан күні өткізілген «Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысында колледжімздің студенті Балабай Ақбота жүлделі 2 орынға ие болды. Аталған мәнерлеп оқу сайысында 15 білім алушы бақ сынап, өз өнерлерін көрсетті.


