Ес­ірт­кіге қарсы күрес

Бүгінде бір елді ғана емес, әл­емді жайлаған есірткі мәселесі өршіп тұр. Оған қарсы күрес жүр­гізу үшін дүние жүзі мемлекеттері аянып қалып жатқан жоқ. Соның ішінде Қазақстан да ес­ірт­кіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, наша­қор­лық­қа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің бағдарламасын іске асы­руда. Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен   ЕАМжЕСҚБ ЕҚД ҚР ІІМ  полиция полковнигі  Канцеров Илья Игоревич  ес­ірт­кіге қарсы күрес туралы дәріс өткізді. Дәріс барысында өндірісі бүкіл елде кең тараған синтетикалық есірткі заттары;  өсірілетін және өсірілетін қарасора және оның туындылары;

психоактивті препараттары бар дәрілік заттар және елімізде есірткінің таралуына себепші болатын жағымсыз факторларға тоқталып өтті.  Білім алушылар  арасында есірткінің зияны жайлы айта отырып, одан бас тарту үшін оқуға көп көңіл бөліп, спортпен шұғылдануға кеңес берді.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ