22-26.08. 2022 ж. «Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде 2021 жылы қол қойылған «DMG MORI» академиясы мен «Техникалық колледж» МКҚК арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісім бойынша арнайы пәндердің 6 оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері «Siemens Sinumerik фрезерлік бағдарламалау» (dmc635 Eco станогында) тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.