DARYA халықаралық  жобасы Техникалық колледжі базасында

DARYA халықаралық  жобасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің Техникалық колледжінде Еуропалық білім беру қорының қолдауымен Орталық Азия делегаттарының және Оқу ағарту министрлігі өкілдерінің  кездесуі өтті.

Кездесуге қатысушылар аталған іс-шараның Техникалық колледжде ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады және оқытушылардың шебер-класстарына қатысты. Іс-шарада кадрларды қайта даярлауға, ұлттық жаттықтырушылар ынтымақтастығының тетіктеріне, өңірлік деңгейде танылған біліктіліктердің жалпы стандарттарын белгілеуге және оқытушыларды даярлауды күшейтуге қатысты маңызды мәселелер қаралды. Делегаттар жастар үшін мүмкіндіктер ауқмын кеңейтуге бағытталған өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуді ұсынды. DARYA – Еуропалық білім беру қоры , Еуропалық Одақтың мамандандырылған агенттігі іске асыратын жоба. Еуропалық бiлiм беру қоры – елдердiң бiлiм беру жүйесiн, кәсiби даярлығын және еңбек нарығын реформалауға қолдау көрсететiн Еуропалық одақтың  арнайы агенттiгi. Қазіргі уақытта ЕБҚ 28 мемлекетпен ынтымақтастық орнатқан.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ