“Бос орындар жәрмеңкесі – 2022”

2022 жылғы 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледж» МКҚК жыл сайынғы “Бос орындар жәрмеңкесі – 2022” өтті. Оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасу перспективалары кәсіптік-техникалық білім беру тиімділігінің маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты колледж түлектерін мамандық бойынша жұмысқа орналастыру болып табылады: 07321000-«Лифт шаруашылығы эскалаторлар (түрлері бойынша)»; 07150500-«Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)»; 07150100- «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)»; 07130600 – «Темір электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша жәрмеңкеге колледждің 76 түлегі және 15 жұмыс беруші қатысты.
Жәрмеңке жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы қатысып, сөз сөйледі, ол түлектерді «Жастар тәжірибесінен» өту механизмімен және уақытша жұмысқа орналасу туралы ақпараттармен таныстырды. Сонымен қатар, «Есильлифтсервис» ЖШС директоры Н.С. Құттыбаев Нұр-Сұлтан қаласының лифт компанияларына бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке барысында түлектер сұрақтар қойып, жұмыс берушілер өздеріне маман таңдай алды. «Бос орындар жәрмеңкесі» жұмысының қорытындысы негізінде колледждің 20 түлегі алдын ала жұмысқа орналастырылды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ