Ерікті түрде көмек-қолдау көрсетіп, жұрттың ықыласына ие болып жүрген волонтерлер осынысымен-ақ қоғамның ажырамас бір бөлшегіне айналып келеді. Волонтерлік жұмыстың өзі кең сипат ала бастады. Оның мәні – айналамызда шын мәнінде ізгілік пен мейірімділікке мұқтаж жандардың көп екендігінде. Жалпы бұл қоғамдық жұмыстың жастар тәрбиесіне ықпалы зор. Өзгеге қол ұшын созу – адам бойындағы парасаттылық пен патриоттылық сияқты адамдық қасиеттерді сіңіре түседі. Сонымен қатар, осы мақсат жастарды ел дамуында бір мүдде, бір мақсат төңірегінде біріктіретінін де айтқан жөн. Дей келе біздің колледждің «Біз біргеміз» еріктілер тобы жасы келген қарттың ауласын қардан және қоқыстан тазалауға қол ұшын берді.