«Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

26.09.2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжінде», «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Басшының оқу тәрбие ісі — жөніндегі орынбасары: Касымова А.С. құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледжішілік ішкі тәртіп ережесімен таныстырды.

Күндізгі бөлім меңгерушісі: Каленова И.А. 2022-2023 оқу жылының оқу жүйесі туралы толық ақпарат берді.

Күндізгі бөлім меңгерушісі: Тоғайбаева Н.К. ата-аналардың отбасылық құқықтық жауапкершілігі туралы сұрақ-жауаптар арқылы түсіндіріп өтті.

Жиналыс барысында Сарыарқа ауданының учаскелік инспекторы Рүстем Жанымханович ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ата-аналар жиналысының мақсаты:

  1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата — ананың жауапкершілігі.
    2. Колледжде ата — ананың оқу — тәрбие саласындағы рөлі.
    3. Алдағы уақытта студенттерді тәрбиелеуде оқытушы мен ата — ананың бірігіп жұмыс жасауы.

Ата-аналардың сұрақтары және өтініштері:

  1. Жатақхана.
  2. Жолаушылар көлігінің жүретін жолын өзгертіп,  №187 көше, 19 үйдің яғни колледждің алдынан өтуіне ұсыныс айтылды және ұсынысты барлық ата-аналар қолдады.
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ