Жарыс 06.05.2022 ж. сағат 12:00-де өтті, әр командадан төрт қатысушыдан қатысты.
Бірінші оқу взводы — «Жас Ұлан» командасы атауымен ПМЛ-110 тобы;
Екінші оқу взводы – «Алтын қыран» командасы атауымен ЭЖҚ-102 тобы;
Үшінші оқу взводы – «Сұңқар» командасы атауымен ЭЛ-124 тобы;
Төртінші оқу взводы – «Жас жауынгер» командасы атауымен ГЭС-107 тобы;
Жарыс 12 кезеңнен тұрады, соның ішінде жаттығуды дұрыс, әрі уақытылы орындамағаны үшін айыппұл салынады.
1) Үлкен теннис добын нысанаға лақтыру
2) Шурикендерді нысанаға лақтыру
3) «Дартс» нысанасына дарттар лақтыру
4) Мина алаңынан өту
5) Кедергіден өту, гимнастикалық орындықтан секіру
6) Алға қарай бір сальто, жер бауырлап еңбектеп өту
7) Алғашқы медициналық көмек көрсету
8 ) Пневматикалық винтовкадан ату
9) АК толық емес бөлшектеу және құрастыру
10) Газқағарды жеке қорғау (ЖҚҚ) құралдарын кию бойынша нормативті орындау
11)Жалпы әскери қорғаныс жиынтығын (ОЗК) кию нормативін орындау
12) Орнынан ұзындыққа секіру.
Тартысты жарыста ең аз уақытта барлық қашықтықтан өтіп, бірінші орынды иеленген ГЭС – 107 оқу взводының «Жас жауынгер» командасы, екінші орынды ПМЛ – 110 «Жас Ұлан» оқу взводының командасы, үшінші орынды ЭЛ-124 «Сұңқар» командасы иеленді. Белсенді қатысқаны үшін, ЭЖҚ-102 тобы «Алтын қыран» оқу взводы тиісті дәрежелі мадақтау қағаздарымен марапатталды. Сондай – ақ, «Үздік командир» анықталды. Ол ЭЛ-124 оқу взводынан Малышев Алишер атанды. Алишер АК толық емес бөлшектеу және жинау нормативін тапсыру және орындау кезінде өзін жақсы көрсетті. Пневматикалық винтовкадан ату бойынша үздік нәтиже көрсеткен — ГЭС-107 тобы «Жас жауынгер» оқу взводының командасы. Сонымен қатар, ПМЛ – 110 «Жас Ұлан» оқу взводының командасы, «Газ» нормативінде үздік нәтиже көрсетті. ЭЖҚ-102 «Алтын қыран» оқу взводының командасы ұзындыққа секіру бойынша жалпы командалық есепте жоғары нәтиже көрсетті, «Алтын қыран» оқу взводынан ұзындыққа секіру бойынша, жеке есепте үздік нәтижені Байзақ Нұрбол көрсетті.