Жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеу, Тәуелсіз еліміздің игі мақсаттарының бірі. 2024 жылдың 13 ақпан күні колледжімізде Кеңес Әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты мерекелік кездесу кеші болып өтті. Бұл іс-шараның мақсаты Отанды сүюге, құрметтеуге, Ауған соғысының ардагерлеріне әрдайым құрмет көрсетіп, патриоттық құндылықтарын шыңдауға дағдыландыру болып табылады. Аталған іс шараға Ауған соғысының ардагері Исаев Лесхан Турдыханович және «Жас Сарбаз» жастар қозғалысы Астана қалалық филиалының төраға орынбасарыМаханбет Айдархан Шыңғысханұлы арнайы шақыртылды. Бүгінгі іс шарамыз «Жас Сарбаз» қозғалысының құрамындағы білім алушыларға жас сарбаз куәліктерін табыстаумен жалғасын тапты. Білім алушылар Ауған соғысының ардагері Лесхан Турдыхановичке сұрақтарын қойып, сұқбаттаса отырды.