9 ақпанда қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың (1931–1976) туғанына 91 жыл толып отыр. Атаулы күнге орай колледжде «Мұқағали — мәңгілік ғұмыр» атты еске алу кеші өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты: қазақ поэзиясының қайталанбас сөз зергері, ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі, өлең – жырлары, ақын туралы естеліктерімен таныстыра отырып, халықтың асыл ұлы Мұқағали жырлары арқылы бүгінгі жас ұрпақты поэзияны сүюге тәрбиелеу, ақынды еске алу.






