Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі. Осы орайда Техникалық колледждің білім алушылары дәстүрімізге айналған қайырымдылық акциясын өткізді.
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіру мақсатында қала көшелерінде тазалық жұмыстарын атқарушы жандарға алғыстарын білдіруді жөн көрді.



