29.05.2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлері колледжбен бірлесе АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша жастар көшбасшыларын даярлау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде студенттер үшін «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында тренинг-семинар өткізді. Семинардың негізгі мәселелері: Астана қаласында 2022 жылға арналған АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу, профилактикалық бағдарламалардың ерекшеліктері, АИТВ-инфекциясының негізгі берілу жолдары, АИТВ-инфекциясының тарихы; психоактивті заттардың (бұдан әрі-ББЗ) профилактикасы, ББЗ-ның жас ағзаға әсері, қауіпсіз мінез-құлық дағдылары, қиын жағдайларда жоқ деп айта білу, жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін әрекеттерді дұрыс анықтай білу.