Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
Колледж миссиясы:
Әлеуметтік әріптестердің кең спектрімен тиімді ынтымақтастық және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізу арқылы мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың жоғары сапасына қол жеткізу.
Колледж көрінісі:
2023 жылға қарай Қазақстан Республикасының еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы кәсіптердің бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау бойынша Қазақстанның жетекші он колледждерінің қатарына кіру.
Ғылыми-әдістемелік жұмыс келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады:
– ҚР “Білім туралы” Заңы»;
– Қазақстан Республикасының Білім және ғылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
– “Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығы.
ҚР БҒМ 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №509 бұйрығына сәйкес колледж базасында 1415000″ Лифт шаруашылығы және эскалаторлар (түрлері бойынша)”, 0503000″ Слесарлық іс “мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестік (ОӘБ) жұмыс істейді. ОӘБ ұқсас мамандықтар бойынша даярлықты жүргізетін білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік қызметінің өзара байланысы мен үйлестіруді, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып мамандықтар мен мамандандыру тізбесі бойынша ұсыныстар дайындауды, мазмұнын жаңарту және жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындауды, пәндердің үлгілік оқу бағдарламаларын және мамандықтар бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруды, оқу процесін жетілдіру және озық тәжірибені тарату бойынша, қазіргі заманғы білім беру технологияларын енгізуді жүзеге асырады.