Ақпан айында колледж ұжымы және білімгерлері  Халықаралық кітап сыйлау күніне орай ұйымдастырылған «Сүйіспеншілікпен кітап сыйла!» акциясына қатысты.

Бұл күнтізбедегі ең жас мерекелердің бірі. Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бері жыл сайын тойланып келеді. Ол кітапты сүйіп қана қоймай, басқаларға да оқуға мүмкіндік беретін әрбір адамды біріктіреді.

«Сүйіспеншілікпен кітап сыйла!» – бұл әрқайсысы қатыса алатын және кітапханаға кітап тапсырып, оның қорын қажетті әдебиеттермен толықтыра алатын акция.

Өткізіліп жатқан акцияның идеясы – кітап оқитын студенттердің кездесуі, оқу тәжірибесімен алмасу, сонымен қатар өзіңізге, достарыңызға, тіпті сіз танымайтын оқырмандарға – кітапхана оқырмандарына жағымды эмоциялар беру мүмкіндігі. Екінші жағынан, акция  кітап қорын толықтыруға көмектеседі.

 Сонымен қатар білімгерлер «Сүйіспеншілікпен кітап сыйла!» акциясына белсене ат  салысып, оқылған немесе сұранысқа ие емес кітаптарды кітапханаға сыйлады.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ