7- мамыр Отан қорғаушылар күні және 9- мамыр Жеңіс күнін Қазақстан халқы Отанға деген патриоттық сезіммен, зор мақтанышпен қарсы алады. Ұлы Отан соғысы жылдарында елдің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған халқымыздың өшпес ерлігін еске алу біздің жүрегімізде, ол ешқашан өшпейді. Біз және болашақ ұрпақ үшін бұл ерлік Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің үлгісі болып қала береді. Ағымдағы жылдың 3 мамыр күні Техникалық колледж қабырғасында Отанға деген патриоттық сезіммен мейрам аталып өтті. Барша ҚР азаматтарын шын жүректен құттықтаймыз!Еліміздің аспаны әрқашан ашық, бейбіт болсын!