Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Директордың оқу-әдістемелік бірлестігі  жөніндегі орынбасары, саны 1 бірлік.

Қазақстан Республикасы , Нұр-сұлтан қаласы, Ж. Жабаев көшесі, 14 үй, индекс 010000, байланыс телефоны 8 (7171)-607-509

Колледждің электрондық мекен-жайы: proftex4@mail.ru

Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы «08» қазаннан » 22 » қазанға дейін.

1. Директордың Оқу-әдістемелік бірлестігі  жөніндегі орынбасары, саны 1 бірлік

   Лауазымдық міндеттері: Қызметтің жетекшілік ететін бағыттарына сәйкес әдістемелік жұмысты тікелей басқаруды жүзеге асырады.

      Әдістемелік кеңестің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу жөнінде ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша, қазіргі заманғы оқыту технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыруды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады.

      Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, үздік курстық және дипломдық жобалар, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қорытындылайды.

      Білім беру ұйымдары оқытушыларының республикада және шет елдерде ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізеді.

      Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

      Біліктілік санаттарын беру (растау) кезінде қойылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.

     Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

      педагогика және психология негіздерін,

      қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;

      басқарудың инновациялық әдістерін;

      экономика, қаржы-шаруашылық мәселелерін;

      еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім тиісті бейін бойынша және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.. және (немесе) «басшы» (санатсыз) «үшінші санатты басшы», «екінші санатты басшы», «бірінші санатты басшы»біліктілігінің болуы.  Лауазымдық жалақысы 112 000 теңгеден 123 000 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы немесе толық болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ