Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің “Техникалық колледжі” МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, саны 1 бірлік.
2. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, саны 1 бірлік.
3. Арнайы және жалпы техникалық пәндер оқытушысы, саны 2 бірлік;
Қазақстан Республикасы , Нұр-сұлтан қаласы, Ж. Жабаев көшесі, 14 үй, индекс 010000, байланыс телефоны 8 (7171)-607-509
Колледждің электрондық мекен-жайы: proftex4@mail.ru
Құжаттарды қабылдау 2021 жылғы “09” тамыздан ” 23 ” тамызға дейін.
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, саны 1 бірлік
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымының қызметін ұйымдастырады.
Оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар әзірлеуді жүзеге асырады.
Білім беру ұйымы жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен білім беру, үлгілік оқу бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді.
Оқу процесінің сапасын, оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Білім алушыларды ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады.
Педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға және өткізуге қатысады.
Оқу кабинеттері мен зертханаларды қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтандыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
Оқытудың инновациялық технологияларын зерделейді, таратады және практикаға енгізеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Оқу жұмысы бойынша есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын, дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының біліктілікті беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”заңдары;білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілер;
Педагогика және психология негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
басқарудың инновациялық әдістері; экономика негіздері, құқық, Қаржы-шаруашылық қызмет мәселелері.
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; (немесе) “басшы” (санатсыз) “үшінші санатты басшы”, “екінші санатты басшы”, “бірінші санатты басшы”біліктілігінің болуы.Лауазымдық жалақысы 112 000 теңгеден 123 000 теңгеге дейін.
2. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, саны 1 бірлік. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуді, кәсіптік бағдар беру жұмысын ағымдағы және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етеді, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады. Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, дене шынықтыру-сауықтыру және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметін үйлестіреді. Тәрбие жұмысына талдау жүргізеді.Тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, тәрбие процесінің сапасына, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылармен және девиантты мінез-құлықты балалармен жеке жұмысқа жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысының мазмұнын, формалары мен әдістерін жетілдіреді. Дене тәрбиесі процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмысты дамытуды үйлестіру, білім алушыларға салауатты өмір салты нормаларын дарыту жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен имандылықты қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқу-материалдық базаны нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді.Білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауды қамтамасыз етеді.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есеп береді. Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халық арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлейді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының біліктілікті беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодексті, Қазақстан Республикасының “Әкімшілік рәсімдер туралы”, “білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, “дене шынықтыру және спорт туралы”Заңдарын;білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін; қазіргі; басқарудың инновациялық әдістері; экономика негіздері,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; және (немесе) “басшы” (санатсыз) “үшінші санатты басшы”, “екінші санатты басшы”, “бірінші санатты басшы”біліктілігінің болуы.Шегінде лауазымдық жалақы 116 000 – 126 000 теңге.
3 “Электр энергетикасы” пәні бойынша 1 бірлік арнайы пәндер оқытушысы,
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңдары; білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушылардың білімі мен тәрбиесі мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілер; оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; Педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;; экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.
Лауазымдық міндеттері: оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады. Білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді. Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және жұмыс өтіліне талап қойылмай кәсіби қайта даярлаудың болуы; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.
Шегінде лауазымдық жалақы 116 000 – 126 000 теңге.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.