21 ақпан 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “№3 Қалалық ауруханасы” дәрігер-гинеколог МЦ3 Жас Толқын-Түсіпбекова Динара Мағауияқызы «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында дәріс өткізді.

Репродуктивті денсаулық,жыныстық қатынасқа түсудің қауіпсіздік және жауапкершілік жақтары.Түсік тастаудың алдын-алу,жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялық аурулар,жоспарланбаған жүктіліктен сақтану жолдары туралы мағлұматтар айтылды.

Дәрігер-гинеколог Түсіпбекова Динара Мағауияқызы студенттерге жыныстық қатынасқа қай жастан түсуге болатындығы туралы, және оның нәтижесі не нәрсемен аяқталып қалуы мүмкін екендігі туралы түсініктер берді.Жоспарланбаған жүктіліктің соңы қандай жағдайға әкеліп соғатындығы айтылды.Белгісіз ер азаматпен жыныстық қатынасқа түспеуді, оның кейбір жағдайда инфекциялық ауруларға әкеліп соқтыратындығы түсіндірілді.

Қатысқан студент қыздар сұрақ қою арқылы, өз сұрақтарына дәрігердің жауабын толығымен алды.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ