2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК (бұдан әрі-Колледж ) базасында Ofe Elevators Ham Young Cher (Хам Ен-Чхер) компаниясының президенті бастаған Корея Республикасының инвесторлар тобымен дөңгелек үстел форматында кездесу өткізілді.

«Халықаралық ынтымақтастық» колледжінің кластерін жүзеге асыру аясында Ofe Elevators компаниясының президенті Хам Ен-Чхер мен Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Аталған келісімге Ofe Elevators компаниясының президенті Дин Хам Ен-Чхор мырза мен Техникалық колледждің директоры А. Құрманқұлов мырза қол қойды.
Келісімде өзара мүдделердің жалпы спектрі белгіленген, ол ынтымақтастықтың мынадай бағыттарын қамтиды:

  • өндірістік тағылымдамалар, курстар, дәрістерді ұйымдастыру, оқу бағдарламаларын әзірлеу, оқытудың жаңа технологиялары, модульдік және дуальды оқыту саласында білікті мамандарды оқыту бойынша;
  • интерактивті диалог алаңын құру, іс-шараларды онлайн-трансляциялау-вебинарлар, веб-конференциялар, скайп-кездесулер және т.б. арқылы өткізу.

Ofe Elevators компаниясының президенті Хам Ен-Чхер 07321000 «Лифт шаруашылығы эскалаторлары (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша колледж студенттері үшін өндірістік тәжірибені қамтамасыз ете алатын Елордада білікті мамандарды оқыту бойынша кәсіби-техникалық орталық құру туралы атап өтті.
Кездесу барысында тараптар серіктестіктің келешегін талқылады. Оңтүстік кореялық компаниясы кадрларді даярлау, оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ