2019 жылдың 20-25 мамыр аралығында колледжіміздің І-курс білім алушыларына арналған 5 күндік оқу-дала жиыны өткізілді.

2019 жылдың  20-25 мамыр аралығында колледжіміздің  І-курс білім алушыларына арналған 5 күндік оқу-дала жиыны өткізілді.Оқу-дала жиынының мақсаты: алғашқы әскери дайындық сабағында алған теориялық білімдерін жетілдіріп, тәжірибеде қолдану. Студенттер осы жиынға қызығушылықпен қатысып, жыл бойында алған білімдерін көрсетіп шындай білді.Оқу дала жиынында білім алушылар қаруды шашып-жинау, нысанаға тигізу, жарақат алғандарды тасымалдау, қашықтыққа граната лақтыру сынды әскери жаттығуларды жасап, қоян-қолтық күрес түрлерін үйренді. Колледж директоры Ш.Касенов білім алушыларды оқу-дала жиынының жақсы аяқталуымен құттықтады.Әр білім алушы өз елінің патриоты болу керектігін сезінуі керектігін түсіндірді. Оқу дала жиынының өтуіне ат салысқан әскери бөлім сержанты Айдос Абдрашитұлына, ефрейтор Мадияр Айнабековичке колледжіміздің АӘД пәні оқытушылары Б.Ахмединге, Е.Сурагановқа, медбике А.Нурмановаға алғысын білдірді.

Әскери бөлімнің қызметкерлері білім алушыларға әскери қызметтің, Отан алдындағы борыштың маңыздылығын түсіндірді. Біздің білім алушылар болашақта ұлттық мүддені ту етіп көтеріп,бабаларымыздың ұрпағы ретінде елі үшін, жері үшін жанын қиятын азамат болып өсіп, халқымызды жаңа өркениетке сай, сапалы деңгейге жеткізіп, Қазақстанның қарулы күштеріне аянбай қызмет етеді  деген сенімдеміз! Оқу-дала жиынды қорытындылай келе, “Ең үздік взвод командирі” номинациясымен І взвод командирі Дауылбай Арман және “Үлгілі қолбасшылық” номинациясымен барлық взвод командирлері марапатталды.Жиын соңында әскери қызметкерлер білім алушыларға әскери билеттерін табыстады.

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ