1 наурыз күнін Елбасы 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні деп бекітті. Осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн. Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Көрмеге аталмыш тақырыпқа орай кітаптар, мерзімді басылымдар қойылып, шолу жасалды.
1-наурыз пайдаланушыларына «Алғыс айту – ынтымақтың мерекесі» атты басылымдар көрмесі ұйымдастырылды.
