«Ынтымақ – бұзылмайтын қорған»: жастар ресурстық орталығы өкілдерімен кездесу

Колледжде жастар ресурстық орталығының мамандары, оның ішінде теологпен кездесу өтті. Шара барысында бірлік, рухани құндылықтар, әлеуметтік жауапкершілік және қазіргі заманның өзекті мәселелері талқыланды.

Теолог маман жастар өміріндегі адамгершілік пен этикалық нормалардың маңыздылығы, саналы таңдау жасау және сыни ойлау қабілетін дамыту туралы айтты. Студенттер көкейкесті сұрақтарына жауап алып, қоғамдағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Осындай кездесулер азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, рухани және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, сондай-ақ студенттердің ынтымақтастық пен өзара түсіністік сезімін дамытуға ықпал етеді.

Обратный звонок






    ×
    Scroll to Top