Техникалық колледж – халықаралық стандарттар биігінде

Астанада білім беру саласында елеулі жаңалық. Бүгін, 2025 жылдың 12 желтоқсан күні, Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» базасында Ұлыбританияның City & Guilds халықаралық аккредитациясы бойынша сертификаттарды салтанатты табыстау рәсімі өтті. Шараға колледж басшылығы, халықаралық сарапшылар, оқытушылар, жұмыс берушілер және студенттер қатысты. Рәсім барысында аккредитация нәтижелері таныстырылып, халықаралық талаптарға толық сәйкес келетін оқу бағдарламалары мен колледждің жетістіктері ерекше атап өтілді.

City & Guilds – әлемнің 100-ден астам мемлекетінде кәсіби біліктілік берумен айналысатын жаһандық ұйым. Ол 28 сала бойынша 500-ден астам мамандықты қамтитын халықаралық стандарттарға негізделген бағалау жүйесімен танымал. Осы аккредитациядан өту – білім беру процесінің сапалы екендігін ғана емес, мамандарды даярлау жүйесінің индустрия талаптарына толық сәйкес келетінін көрсетеді.

Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» сапалы білім беруге, заманауи талаптарға сай мамандар даярлауға және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған жұмыстарын жалғастыра бермек. Бұл аккредитация – техникалық білім беру жүйесін әлемдік деңгейге шығаратын маңызды қадамдардың бірі.

Обратный звонок






    ×
    Scroll to Top