20 қаңтар күні педагог-психолог Қалила Назерке Демеубекқызы ұжымға арналған «Ұжымды ынталандыру» тақырыбында семинар өткізді. Шара барысында қатысушылар қызметкерлердің мотивациясына әсер ететін негізгі факторларды, қолайлы жұмыс атмосферасын қалыптастыру жолдарын және кәсіби қызметке қызығушылықты арттыру әдістерін талқылады.
Семинар ұжым мүшелеріне пікір алмасуға, пайдалы ұсыныстар алуға және жаңа жетістіктерге ынталануға мүмкіндік берді.

