Желтоқсан айында колледждегі психологиялық қызмет аясында Психология апталығы ұйымдастырылып, білім алушылар үшін есте қаларлық жарқын шараға айналды. Апта бойы студенттер эмоционалдық жағдайын, стресс деңгейін және мотивациясын зерттеуге бағытталған интерактивті сауалнамаларға қатысты.
Колледждің фойесінде ойындар, белсенділіктер, мотивациялық дәйексөздер мен психологиялық тесттер орналастырылған арнайы аймақ құрылды. Бұл бастама студенттердің назарын аударып, олардың қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Психология апталығы психологиялық денсаулықтың маңыздылығын түсінуге, сондай-ақ жеке даму мен өзін-өзі жетілдіруге деген ынтаны арттыруға мүмкіндік берді.

