Оқу жылы барысында колледж студенттеріне бейімделу, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, ұжымды топтастыру және өзіне деген сенімділікті арттыру мақсатында психологиялық тренингтер өткізілді.
Негізгі іс-шаралар қатарында:
- бірінші курс студенттеріне арналған бейімделу тренингтері «Қарым-қатынас дағдылары»;
- ұжымды топтастыруға бағытталған «Сана, эмоция, іс-әрекет: ішкі үйлесім» тренингтері;
- өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектесетін «Мен өзіммен мақтана аламын» және «Креативті ойлау және өзара әрекеттесу өнері» тренингтері бар.
Бұл тренингтер сенімді қарым-қатынас орнатуға, студенттердің өзін-өзі бағалауын жақсартуға және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті. Нәтижесінде студенттер өз ойларын сенімді жеткізуге, ұжымдық жұмыстарға белсенді араласуға және жанжалдарды тиімді шешуге дағдыланды.
Жатақханада ұйымдастырылған тренингтер бірлесіп өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыруға және студенттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға көмектесті. Өткізілген тренингтер ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсартуда тиімділігін көрсетті, бұл студенттердің оқу процесі мен жеке тұлғалық дамуына оң әсерін тигізді.