Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова, Мәжіліс депутаттары, «Talap» КЕАҚ президенті Санжар Тәтібеков, мемлекеттік органдар өкілдері, колледж директорлары, педагогтер және шетелдік сарапшылар қатысты. Қытайдың Хэнань провинциясы Сыртқы істер департаментінің басшысы Zhang Zheng және Францияның ACOEM компаниясының өкілі Christian Freneat шетелдік қонақтар қатарында болды.
Конференцияда жасанды интеллект технологияларын оқу процесіне енгізу, цифрландыру дәуірінде жаңа құзыреттер қалыптастыру және білім, ғылым мен инновацияның өзара байланысын нығайту мәселелері талқыланды. Қатысушылар цифрлық экономика талаптарына сай жаңа буын жұмысшы мамандарды даярлаудың тиімді жолдарын ұсынды.
Іс-шара нәтижесінде білім беру саласындағы әріптестікті кеңейту, оқу бағдарламаларына инновациялық технологияларды енгізу және жасанды интеллект бағытында бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде ұсыныстар қабылданы.


