6 ақпанда колледж студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейіне экскурсия жасады. Сапар барысында білім алушылар тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу кезеңдерімен танысып, Тұңғыш Президенттің ел дамуына қосқан үлесі туралы білді, сондай-ақ сол кезеңге қатысты тарихи экспонаттарды тамашалады.
Экскурсия студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, азаматтық ұстанымдарын нығайтуға және Қазақстан тарихы жөніндегі білімдерін тереңдетуге мүмкіндік берді.
СШП-11 тобы
