2 Қазан — Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні.

2 қазан — Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 шiлдедегi № 232 бұйрығымен 2 қазан — Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жұмыскерлері күні деп белгіленіп, республикамыздағы кәсіби мерекелер тізбесіне енгізілді.
Іс шараны ашып берген колледж директоры А. Курманкулов : “Жастарға сапалы білім мен заманауи кәсіби дағдыны меңгерту жолындағы табанды еңбектеріңіз – еліміздің дамуы мен өркендеуіне қосылған баға жетпес үлес. Сіздердің әр шәкіртіңіз – ел ертеңіне қаланған берік кірпіш. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін. “деп жылы лебізін білдірді.

Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» ШЖҚ МКК студенттерінің құттықтауы


Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» ШЖҚ МКК студенттері Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына өз алғыстарын білдіріп, студенттер бейнеролик арқылы өнерлерін көрсетіп, жүрекжарды лебіздерін жолдады.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Әр берген біліміңіз — болашаққа жол, әр айтқан ақылыңыз — өмірлік сабақ.
Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында мыңдаған шәкірт өз жолын тауып, үлкен өмірге қадам басуда.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметі әрдайым серік болсын!
Еңбектеріңіз еленіп, әр күніңіз қуаныш пен сәттілікке толы болсын!
Ізгі тілекпен,
Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» ұжымы мен студенттері.

Обратный звонок






    ×
    Scroll to Top