Пайдалы үзіліс: студенттерге арналған ойындық белсенділіктер

Оқу күнін қызықты әрі серпінді ету мақсатында педагог-психолог Қалила Назерке Демеубекқызы үлкен үзілісте студенттер үшін интерактивті ойындар мен белсенділіктер өткізеді. Бұл шағын, бірақ маңызды шаралар білім алушыларға шиеленісті жеңілдетуге, оқу тапсырмаларынан көңіл бөлуге, қарым-қатынас дағдыларын және топта жұмыс істеу қабілетін дамытуға көмектеседі.

Ойындар ұжымның ынтымақтастығын арттырып, жағымды атмосфера қалыптастырады және студенттердің бейресми жағдайда ашылуына ықпал етеді. Осындай белсенділіктердің арқасында үзілістер тек демалыс уақыты ғана емес, сонымен қатар қуат жинап, жағымды эмоциялар алып, студенттік қауымдастықтағы достық қарым-қатынасты нығайту мүмкіндігіне айналады.

Обратный звонок






    ×
    Scroll to Top