Колледжде «Ерлікке тағзым» атты интернационалист-жауынгерлермен кездесу өтті. Іс-шара Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бұл маңызды кездесу студенттерге тірі тарихпен қауышуға, сарбаздардың ерлігі, батылдығы және борышына адалдығы туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.
Ардагерлер әскери қызметтің қиындықтары, бастан кешкен сынақтары туралы естеліктерімен бөлісіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Осындай кездесулер жастардың тарихи оқиғаларды терең түсінуіне ықпал етіп, өткенге деген құрмет пен патриоттық сезімдерді қалыптастыруға көмектеседі.



