3 желтоқсан күні колледж жатақханасының студенттері «Жастар» театрына барып, Дулат Исабековтың «Құстар фестивалі» шығармасының қойылымын тамашалады. Спектакль адамгершілік құндылықтар, тағдыр және арман секілді маңызды тақырыптарды қозғап, көрермендерге терең әсер қалдырды.
Мұндай мәдени шаралар студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.

