16 наурызда 2021 жылы «Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі мамандар даярлаудағы заманауи көзқарас» атты техникалық және кәсіптік білім беру оқытушылары мен мамандарына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы  Нұр Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК «Астана Профи» ҚҚШК серіктестігімен бірлесіп қашықтықтан өткізілді. Конференцияға Республикамыздың көптеген аймақтарынан өз тәжірибесімен бөліскен білікте де білімді мамандар қатысты. Тұшымды пікір таластар, өзекті мәселелерді  де  алға тарта  білді. Осы конференцияға колледжіміздің оқу өндірістік шебері Бисенгалиева С.М.  мен арнайы пән оқытушысы  Бакбергенова К.А. «Алғыс хат» алды, ал шет тілі пәнінің оқытушысы А.А.Сазанбай, арнайы пән оқытушулары Каленова.И.А ., Г.С.Кенжебекова «Сертификатқа» ие болды. Ұжымның белсенді оқытушыларына тек алға, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

«ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»