Визитті карточкаhttps://youtu.be/OJXBpdxZsD0

Бисенгалиева Салатанат Макимовна техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-тәрбиелік  нормативтік-құқықтық  базасын толық білетін, өзі сабақ беретін пәндерінің негізгі және білім облыстарын, арнайы педагогика мен баланың жас мөлшері психологиясын, денсаулық сақтау технологиясын терең  меңгеріп, іске асырып жатқан ұстаз. Өз педагогикасының іс-тәжірибесінде тұлғалық бағдар тәсілін қолданып, оқушыларды оқу-танымдық, шығармашылық іс-әрекетке ынталандырады, оқытудың тиімді тәсілі мен әдістерін қолданады, әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жағдайын жасайды, техникалық және кәсіптік  білім берудің мемлекеттік стандарттарымен анықталған білім алушылардың оқуға деген білім мен дағдыларын, іс-әрекет тәсілдерін жүйелі түрде қалыптастырады. Нәтижесінде, көптеген студенттері  бағдарламаны жеткілікті деңгейде игеріп, қаланың өндірістік және лифт шаруашылығ бойынша жұмыс орындарында жұмыс табысты жасайды.

Студенттері халықаралық, республикалық, қалалық әртүрлі байқау, олипиадаларға белсене қатысты.     

Педагог өз іс-әрекеттерінің нәтижелерін тек талдап немесе сынақ түрінде бағалап қана қоймай, алғыр ойларымен бөлісіп, өз шығармашылық деңгейін жүйелі түрде толықтыру үшін кәсіби, шығармашылық байқауларға белсене қатысып отырады.

Салтанат Макимовна өз іс-тәжірибесімен конференция, семинарларда арнайы педагогика мәселелері бойынша халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдебөлісіп отырады. Педагогтың ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдары республикалық, қалалық баспа беттерінде шықты.

АИС “Платонус” платформасын игеріп, колледждің ақпараттық білім беру саласына  белсенді жұмыс атқарып келеді, базаны қалыптастыру мен оны үзіліссіз жұмыс жасауына үлкен қызмет жасап келеді.

Республикалық деңгейде 2020 жылына жопарланған “Лифт шаруашылығы мен эскалаторлар” мамандығы бойынша ҰАТ тесттерін құрастырушысы мен сараптамашысы ретінде белсенді жұмыс атқарды.

2020 сәуір айынан бастап “Кәсіпқор” тапсырысы бойынша “Лифт шаруашылығы мен эскалаторлар” мамандығы бойынша модульдік негізде оқулық құрастырушысы ретінде таңдалып алынды.

Салтанат Макимовнаның өзіне тән коммуникативтік және ұйымдастырушылық деңгейдегі үйлесімді  қасиеттері бар. Ол талапқойғыш  оған қоса мейірбан, жауапкершілігі бар ұстаз. Әріптестері, студенттері мен ата-аналары арасында еңбегі сіңген беделге ие.

«ТЕХНИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»