Жалпы білім беру пәндері пәндік-цикылдық комиссиялары
Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МКҚК мекемесінің ЖББ ПЦК колледждің ұжымдық әдістемелік жұмысының нысаны болып табылады. Пәндік циклдік комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Білім берудің жалпыға міндетті стандарттарына және жоғарыда көрсетілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы білім беру пәндері ПЦК-ның құрамында – 21 оқытушы. Оның ішінде жоғары санатты – 8, модератор – 1, екінші санатты – 3, санаты жоқ – 9, 3 жас маман.
Жалпы білім беру пәндері ПЦК-ның мақсаттары:
Колледжің «Нәтижеге бағытталған заманауи педагогикалық технологияларды оқу үдерісінде қолдану арқылы білім сапасын арттыру» оқу-әдістемелік жұмысының мақсатын жүзеге асыру.
Міндеттері
– білім беру бағдарламаларын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
– мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін білім беру үрдісінің жаңа технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру;
– педагогтың шығармашылық ойлауын дамытуға, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін жетілдіруге жағдай жасау.
– озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және насихаттау;
– жас мамандарға әдістемелік көрсету мақсатында тәлімгерлер тағайындау.
2022-2023 оқу жылы оқу-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес Жалпы білім беру пәндері ПЦК-сы бойынша гуманитарлық пәндер апталығы қазан айына, жаратылыстану пәндерінің апталығы ақпан айында өткізу жоспарланды.
Жалпы білім беру пәндері ПЦК-сы бойынша оқу кабинеттері
№ | Кабинеттің атауы | Кабинет № | Меңгерушілері |
1 | Алғашқы әскери дайындық | 223 | Ахмедин Б.Н |
2 | Қазақ әдебиеті | 224 | Уакаева Н.А |
3 | Ағылшын тілі | 226 | Осипова М.Қ |
4 | Тарих | 228 | Альжанова К.К |
5 | Биология және география | 231 | Жабинова А.Д |
6 | Орыс тілі мен әдебиеті | 312 | Абдрахманов Д.К |
7 | Информатика | 313 | АдильхановаА.М |
8 | Қазақ тілі | 324 | Махметова Ж.К. |
9 | Математика | 325 | Есенгалиева Т.К |