«Еңбек — Ел тірегі»

«Еңбек — Ел тірегі: Техникалық білім мен кәсіподақтың өзара ынтымақтастығы» . Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі»
85 жылдығына және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «85 жылдық тарих – кәсіби шеберлік пен әлеуметтік серіктестіктің айғағы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Көлікті жөндеу мекемелерінің салалық кәсіби одағы Қамқор Магистраль ҚБ төрайымы Байкадамова Светлана Бауыржановна және Қамқор Вагон ЖШС кадр бөлімінің басшысы Кабильдина Дана Забикуллаевна қатысты.
Іс-шара барысында жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру, жастар арасында техникалық және кәсіптік білімге деген қызығушылықты ояту мәселелері талқыланды. Шара соңында өндірістік сала мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту жолдары қарастырылып, болашақ мамандарды даярлау мәселелері бойынша конструктивті пікір алмасу өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» (@tech_college_astana)

Обратный звонок






    ×
    Прокрутить вверх