08.12.2022 ж.Астана қаласы әкімдігінің «№3 қалалық емхана» алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі колледжбен бірлесіп СӨС дәрігері А. Жиенбаевпен кездесу ұйымдастырылды. Бұл кездесудің мақсаты: Білім алушылардың вакцина профилактикасы туралы білімдерін көтеру. Семинар барысында темекі шегудің алдын алу, темекі шегудің зиян жақтары, сондай-ақ темекі өнімдерінен тікелей туындаған аурулар туралы айтылды. Білім алушылармен денсаулықтың тамақтануға тәуелділігі, жаман әдеттерден бас тарту және пайдалы әдеттерді қалыптастыру қажеттілігі туралы хабардарлықты арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.