Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжі» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ келесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, саны 1 бірлік.
2. Өндіріс оқыту шебері, саны 1 бірлік;
Қазақстан Республикасы , Нұр-сұлтан қаласы, 187 көше, 19 үй, индекс 010000, байланыс телефоны 8 (778)-598-5272
Колледждің электрондық мекен-жайы: proftex4@mail.ru
Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы «20» қаңтардан » 03 » ақпанға дейін.
1. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, саны 1 бірлік. Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуді, кәсіптік бағдар беру жұмысын ағымдағы және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етеді, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады. Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, дене шынықтыру-сауықтыру және көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметін үйлестіреді. Тәрбие жұмысына талдау жүргізеді.Тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, тәрбие процесінің сапасына, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылармен және девиантты мінез-құлықты балалармен жеке жұмысқа жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысының мазмұнын, формалары мен әдістерін жетілдіреді. Дене тәрбиесі процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмысты дамытуды үйлестіру, білім алушыларға салауатты өмір салты нормаларын дарыту жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен имандылықты қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқу-материалдық базаны нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді.Білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауды қамтамасыз етеді.Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есеп береді. Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халық арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлейді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен басшылары орынбасарларының біліктілікті беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексті, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы», «білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «дене шынықтыру және спорт туралы»Заңдарын;білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін; қазіргі; басқарудың инновациялық әдістері; экономика негіздері,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі; және (немесе) «басшы» (санатсыз) «үшінші санатты басшы», «екінші санатты басшы», «бірінші санатты басшы»біліктілігінің болуы.Шегінде лауазымдық жалақы 116 000 – 126 000 теңге.
2 «Оқу өндіріс шебері- 1 бірлік,
Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді.
Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді.
Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді.
Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады.
Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды.
Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді.
Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады.
Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды.
Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік тәжірибелерді қолданады.
Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді.
Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,
басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін,
баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;
еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе жұмыс стажына талап қойылмайды немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.
Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша педагог-шебер – 5 жыл.
Және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл.Шегінде лауазымдық жалақы 141– 166 000 теңге.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау: индекс 010000,Нұр-сұлтан қаласы, 187 көше, 19 үй, 314 бөлмеде тіркеледі, байланыс телефоны 8 (778)-598-5272
Колледждің электрондық мекен-жайына құжаттар қабылданады: proftex4@mail.ru
Құжаттарды қабылдау 15 тәлік аралығында жүргізіледі