Техникалық колледжге қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы, екі салмақ дәрежесінде төрт әлемдік рекорд иегері Илья Александрович Ильин келді. Бүгін ол колледж студенттерімен кездесіп, болашақ жоспарларымен, сондай-ақ әлемдік аренада рекорд орнатқан ұмытылмас сәттерімен және жетістікке жетудегі ұстанымдарымен ой бөлісті. Илья Ильинге және оның командасына танымды да қызықты ақпаратқа толы сұхбат бергені үшін алғыс білдіреміз.





